Аудан тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелердің бірі – мектептердегі тамақтың сапасы, оқу орындары ғимараттарының нашар жағдайы және көше дәретханаларының жайы.
«Тамақтану бойынша — облыс тарапынан уақытылы қаржыландырылды. Бірақ аудан деңгейінде мәселе тағы шығып тұр. Проблема шешіледі. Осыған байланысты кадрлық шешімдер қабылданды. Оған қоса, материалдар құқық қорғау органдарына тапсырылды», — деді әкім.
Ол жалпы Еңбекшіқазақ ауданының білім беру, оқу орындарының қызметі мәселесі шын мәнінде өткір болып тұрғанын айтты.
«Кадрлық шешімдер қабылданды облыста тәртіп орнатылмайынша жұмыс жалғасады», — деді Сұлтанғазиев.