Әкімдіктің аппарат басшысы Мұрат Мәдіғұловтың айтуынша, Марат Сұлтанғазиев жыл басынан бері халықпен 10 басқосу өткізген.
«Әр кездесуден соң облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдаған. Барлық деңгейдегі әкімдер азаматтармен 473 кездесу өткізген. Есептік жиындардың барысында халықтан 2991 сұрақ пен ұсыныс түскен. Нәтижесінде 1033 проблемалық сауалдардың тізімі әзірленді. Маңыздылығы бойынша сұрақтар әр жылдарға бөлініп, кезең-кезеңімен шешу жоспарланды», — деді аппарат басшысы.
Сессияда Алматы облысы әкімінің биылға арналған халықпен кездесулерінің жылдық күнтізбесі туралы келісіліп, бекітілді.