Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Сұхбат

Алматы облысының әкімдігі ҚХР өкілдерімен бірнеше Меморандумға қол қойды

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев бастаған делегация ҚХР-ға жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында олар Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП партия комитетінің хатшысы Ма Синжуймен, қытайлық компания өкілдерімен кездесіп, бірқатар нысандарды аралады.

10.08.2023
Сұхбат

Басқосуда екіжақты ынтымақтастықты, шекара аймағын, екі ел арасындағы сауданы дамыту мәселесі талқыланды.

«Біз Қытаймен шекаралас аймақ ретінде елдің шығыс бағытындағы байланыстарына жауаптымыз. Қытайдың Қазақстанмен ынтымақтастығы Шыңжаң және Алматы облысы арқылы жүзеге асырылады. Алматы облысы ШҰАА-мен өнеркәсіп, көлік, логистика, ауыл шаруашылығы және туризм секілді көптеген сала бойынша табысты іс-қимыл жасайды», — деді өңір басшысы кездесу барысында.

Сонымен қатар ол Алматы облысының даму әлеуеті жайлы айтып, өңірдің қазіргі көрсеткіштерімен бөлісті.

Кездесу нәтижесінде облыс әкімінің орынбасары Алмас Батанов және «Қонаев» ӘКК басқарма төрағасының орынбасары Жандос Еркебаев Қытай елінің өкілдерімен бірнеше Меморандумға қол қойды.

Оның біріншісі – «Jingyi» компаниясымен жасалған келісім. Аталған серіктестік облыстағы Арнайы экономикалық аймақта немесе Индустриалды аймақта ірі сауда кешенін салмақ. Жобаның атауы – «Қазақстан-Цзиньи халықаралық көтерме сауда орталығы». Мұнда кеңселер, жатақханалар, кедендік бақылау аймақтары, жеміс-жидек және көкөніс сататын сауда үйлері және т.б. қажетті нысандар бой көтермек. Тартылатын инвестиция көлемі – 125 млн АҚШ доллары.

Ал екінші құжат «Қалжат-Дулат» кедендік өткізу пунктін дамытуға арналды. Маңызды Меморандум шеңберінде шекара аймағының инфрақұрылымы және ақпараттық технологиясы жаңартылады, кеденде құжат рәсімдеу оңтайландырылып, шекарадан өту уақыты азаяды, жүк тасымалдау, оны тиеу мүмкіндіктері артады.

«Xinjiang tianyun Organic Agriculture Cо» компаниясы болса, Алматы облысының аумағында балық өсіретін зауыт салмақ. Бұл серіктестікпен де екіжақты келісімге қол жеткізілді.

Өңірде егістік алқаптарын тамшылатып суару әдісіне көшіру – күрделі мәселенің бірі. Алайда, осы жолы облыс әкімдігі суды үнемдейтін жаңа суару жүйесін енгізіп, оған қажетті құрал-жабдықтарды шығаратын зауыт салу мақсатында тағы бір қытайлық компаниямен Меморандумға қол қойды. Ал мамандар бұл шешім ауыл шаруашылығының дамуына тың серпін беретініне сенімді болып отыр.

Сондай-ақ ШҰАА-дағы автономиялық округтің басшылығы мен Алматы облысының әкімдігі арасында туризм саласын дамыту туралы құжатқа қол қойылды. Меморандум аясында қытайлық мамандар өңірдегі туризмнің дамуына ықпалдасып, екі елдің ортақ мүддесі үшін қызмет ететін болады. Бұдан бөлек, көрме, слет, конференция, фестиваль секілді ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылып, туристік бағыттарды танымал ету бағытында бірқатар жұмыстар атқарылмақ.

Естеріңізде болса, биылғы жылдың наурыз айында Алматыда Қазақстан мен Қытай шекара ынтымақтастығының ІІ Достық диалогы өткен. Сонда Марат Сұлтанғазиев ШҰАА-мен бауырластық байланыс орнату туралы келісімге қол қойған болатын.

Достық диалогта Үрімші мен Алматыда сауда хабын салу жоспарланып отырғаны, Қазақстан және Қытай арасындағы үшінші теміржол өткелі ашылатыны айтылған.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Смертельная драка произошла в колонии Атырау

Николай Иващенко
24.03.2026

Самолет Air Canada столкнулся с пожарной машиной на взлетно-посадочной полосе нью-йоркского аэропорта Ла-Гуардия

Николай Иващенко
24.03.2026

Более 3500 человек отметили Наурыз в «Городе кочевников»

Николай Иващенко
24.03.2026

В Алматинской области 1500 человек приняли участие в акции «Мөлдір бұлақ»

Николай Иващенко
24.03.2026

Регионы за чистые водные ресурсы -экоакция в Алматинской области

Николай Иващенко
23.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz