«Биыл облыс бойынша 28,5 мыңға жуық жұмыс орнын құру жоспарланған. Аталған межеге сай, жыл басынан бері 23,2 мың жұмыс орны құрылды. 2022 жылдың 2 тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,8% құрады (республика бойынша 4,9%)», — деді Марат Сұлтанғазиев.
Оның айтуынша, тұрғындардың жұмыспен қамтылу статистикасы мынадай:
• Ұлттық жобалар шеңберінде 20 087 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарланып, нақты 9 237 жұмыс орны құрылды (45,9%);
• Кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасына 23 мыңнан астам тұрғын қатысып, 19 мың адам жұмысқа орналастырылды. Оның шамамен 90 пайызында міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бар;
• 5 мың кәсіпорынмен жұмыс орындарын сақтау мақсатында меморандум жасалды;
• Жалпы саны 229-ды құрайтын ірі және орта кәсіпорындарда 64 мың адам жұмыс істейді. Мұнда өндіріс көлемінің төмендеуі, жұмысшылардың қысқартуға ілігуі секілді жайттар тіркелген жоқ.
Бюджеттен 7 млрд теңге бөлінген «кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобасы 4 бағытта жүзеге асырылып жатыр:
1. Қысқа уақытта маман дайындау — бюджеттен 331,2 млн тг қарастырылған. Биыл 1280 адамды жұмыспен қамту жоспарланды. 1 қазанға дейінгі мәліметке сүйенсек, 818 адам жұмысқа жолдама алды.
2. Жұмыс орындарын субсидиялау — соңғы деректерге сәйкес, жұмысқа 7,2 мың адам орналасты, жоспар бойынша 7,4 мың адам қамтылуы керек болған.
3. 400 АЕК көлемінде грант беру — бұл бағытқа бөлінген ақша көлемі 1 млрд теңгені құрайды. Осы уақытқа дейін 440 адам грант иеленді. Ал жылдың аяғына дейін 1031 адамға грант тағайындау жоспарланып отыр.
4. enbek.kz порталы арқылы онлайн оқыту — қыркүйек айының соңына дейін 1657 адам онлайн білім алды. 2022 жылдың аяғына дейін 1908 адам оқытылады.
Сөз соңында облыс әкімі халықты тұрақты қызметпен қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жасалып жатқанын айтты. Және ол мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп, МЗЖ-ның аударылу процесіне үнемі мониторинг жүргізілетіні жайлы мәлім етті.
Бұған дейін Finprom.kz сайты Қазақстандағы әр бесінші жұмыссыз адамның Алматы қаласында және Алматы облысының тұрғыны екенін жазған болатын.