Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Сұхбат

Алматы облысында Республика күніне орай еңбек ардагерлері марапатталды

Салтанатты шарада өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев облыстың дамуына үлес қосып жүрген еңбек ардагерлерін, ақсақалдар алқасының мүшелерін, түрлі бағытта қызмет ететін мамандарды марапаттады.

24.10.2023
Сұхбат

Ең алдымен облыс әкімі тұрғындарды мерекемен құттықтап, Республика күнінің маңыздылығына тоқталып өтті.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен халықпен қайта қауышқан бұл мейрам биыл екінші рет тойлануда. 1990 жылдың 25 қазаны – еркіндікті аңсаған, биік рухты, өр намысты ата-бабамыздың асыл арманы орындалған тарихи күн. Татулықты ту еткен еліміздің бағындырған белестері, алған асулары көп. Бүгінде Қазақстан – еңсесі биік, экономикасы өрлеген, әлеуеті артқан заманауи мемлекет», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Әкімнің сөзінше, былтырдан бері қайта түлеген өңіріміздің ел қуатын еселеуде орны ерекше.

«Біздің бастамаға сәйкес, Алматы облысының 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясы әзірленді. Биыл Қонаев қаласының Бас жоспары бекітілді. Ендігі кезекте жаңа әкімшілік-тұрғын үй орталығын салуды көздейтін, 5 жылға есептелген Қонаев қаласын дамытудың Кешенді жоспары қабылданады. Жақында облысқа жұмыс сапарымен арнайы келген Мемлекет басшысы атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, оң бағасын берді. Алматы облысының дамуы Президенттің ерекше назарында. Бұл біз үшін үлкен абырой және зор жауапкершілік! Баршаңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын!» — деді өңір басшысы.

Содан кейін ол «Парасат» орденімен облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерболат Тұрымбетов пен «Ақтерек» шаруа қожалығының басшысы Темірлан Шайнүсіповті марапаттады. Сонымен қатар бүгін ҚР «Құрмет» орденімен марапатталғандар да болды. Олар:

• Амитахунов Абдиманап — Ұйғыр ауданының еңбек ардагері,

• Бірбаев Бекболат Ибраимұлы — Райымбек аудандық ардагерлер мен ақсақалдар алқасының төрағасы,

• Кенжебай Мейраш Нұрақанқызы – Еңбекшіқазақ ауданының Еңбек ардагері,

• Қуатов Тимур Ақмырзаұлы — Талғар аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары,

• Сламұлы Мерей — «Kelun-Kazpharm» ЖШС бас директоры.

Шарада бірқатар маманға «Еңбек даңқы» ордені, «Ерлігі үшін», «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдары, ҚР Құрмет грамотасы табысталды.

Ал облыстық Сүйінбай атындағы филармонияға Марат Сұлтанғазиев 51 орындық автобустың кілтін табыс етті.

«Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен қаржы бөлініп, бүгін автобусқа ие болдық. Өте қуаныштымыз. Енді ұжымның жан-жаққа іссапарға баруы жеңілдейді. Мереке құтты болсын! Барша жұртқа тек жақсылық тілеймін!» — деді филармония басшысы Данияр Құрамысов.

«Парасат» орденімен марапатталған Темірлан Шайнүсіпов болса, бүгін қызметкерлердің еңбегі еленгеніне ризашылығын білдірді.

«Бүгін менің ғана емес, біздің ауылдың, ауданымыздың еңбегі бағаланып жатыр. Оған Мемлекет басшысының өзі ұйытқы болды. 40 жыл бойы ауыл шаруашылығы саласында қызмет етіп келемін. Осы жылдарда халықтың әл-ауқатын арттыру үшін еңбек еттік. Жұмысшыларға 150-ге жуық үй салып бердік. Қазақстан экономикасының дамуына кішкентай болса да, үлес қостық деп санаймыз. Бүгінгі марапат соның бір белгісі. Мереке мерекеге ұлассын! Әрқашан аспанымыз ашық болсын!» — деді ол.

Салтанатты шара концерттік бағдарламаға ұласты. Қонаевтағы Мәдениет үйінде асқақтата ән шырқалып, бишілер мың бұрала биледі.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Смертельная драка произошла в колонии Атырау

Николай Иващенко
24.03.2026

Самолет Air Canada столкнулся с пожарной машиной на взлетно-посадочной полосе нью-йоркского аэропорта Ла-Гуардия

Николай Иващенко
24.03.2026

Более 3500 человек отметили Наурыз в «Городе кочевников»

Николай Иващенко
24.03.2026

В Алматинской области 1500 человек приняли участие в акции «Мөлдір бұлақ»

Николай Иващенко
24.03.2026

Регионы за чистые водные ресурсы -экоакция в Алматинской области

Николай Иващенко
23.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz