Нысанның ашылу салтанатына Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев арнайы қатысты. Оның сөзінше, бүгін өңірдің экономикалық әл-ауқаты үшін маңызды нысан іске қосылды.
«Қарасай ауданындағы көптеген кәсіпорындар облыстың экономикалық дамуына үлес қосып келеді. Электр энергиясының тапшылығы өнеркәсіп саласының өркендеуіне кедергі болған еді. Бүгін осы мәселе шешілді. Қосалқы станция шағын және орта бизнес субъектілерін, тұрғын үйлерді үзіліссіз электр энергиясымен қамтуға мүмкіндік береді», — деді облыс әкімі.
Индустриалды аймақты электр энергиясымен қамту үшін жасалған жобаны «Алатау Жарық компаниясы» акционерлік қоғамы жүзеге асырған.