Сессияда халықты қоғамдық көлікпен қамту мәселесі талқыланды. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Карибековтың айтуынша, өңірде тағы да 30 ауданішілік маршрутты әлеуметтік маңызы бар бағыттардың қатарына қосу керек. Нәтижесінде жолаушылар тасымалы қызметінің сапасы артып, аудан, қалалардағы автобус паркі жаңарады. Сондай-ақ осы бағыттарға субсидия бөлуге жол ашылмақ. Депутаттар бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.
Жиында мектептер үшін сатып алынған автобустар облыстық автопарктің балансына берілетіні айтылды. Бұл серіктестік көліктерді күтіп ұстап, жүргізушілердің еңбекақысы өсу үшін бірқатар шараларды қолға алмақ.
Айта кетейік, биыл өңірдегі автопарктер 1,345 млрд теңге субсидия алған. Осыған дейін облыс бойынша 12 автобус сатып алынса, жыл соңында бұл көрсеткіш 47-ге ұлғаймақ.