Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Сұхбат

Алматы облысында аяқ киім шығаратын зауыт ашылады

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Жамбыл ауданына сапары барысында «Алатау» тігін цехына барды.

05.10.2023
Сұхбат

Қазіргі таңда мұнда 120 адам жұмыспен қамтылған. Оның ішінде халықты жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша тігіншілік курсын оқыған 10 шақты адам бар. Тігін цехы негізінен мемлекеттік тапсырысты орындайды. Бүгінде Қорғаныс министрлігінің арнайы киімдерін тігіп жатыр. Қызметкерлердің еңбекақысы 200 мың теңгеден басталады. Кәсіпорын басшылығы ендігі жылы өндіріс ауқымын кеңейтіп, аяқ киім тігетін зауыт ашпақ. Ол жерде қосымша 300-400 адам жұмыспен қамтылады.

«Аяқ киім зауыты осы тігін цехының жанынан салынады немесе осы ауылда бос тұрған ғимарат бар, соған күрделі жөндеу жүргізіп, ашу керек. Әкімдік тарапынан жердің құжатын жөндеуге көмек қажет. Сондай-ақ адамдарды жұмысқа тарту үшін мемлекеттік тетіктерді қолдануымыз керек. Қосымша ғимараттар болса, жұмысшылар үшін жатақхана да сала аламыз», — деді зауыт басшысы.

Өңір басшысы зауыттың кеңеюі үшін мемлекеттік қолдау міндетті түрде көрсетілетінін айтты.

«Көрші Қырғызстанда жеңіл өнеркәсіптің осы түрі жақсы дамыған. Қазақстан да бәсекеге қабілетті болуы керек. Жұмысқа NEET санатындағы жастарды тартып, оқыту қажет. Қызметкерлер зауытта еңбек уақытына қарай табыс табады. Бұл – жұмыс іздеп жүргендерге ұтымды шарт. Біздегі нақты мақсат – жергілікті тұрғындардың табысын арттыру. Сондықтан мұндай өнеркәсіптің халыққа қажеттілігі мол. Бір жағынан бюджетке салық түсіп жатса, бір жағынан жұртшылық тұрақты жұмыспен қамтылады», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Содан кейін ол Жамбыл ауданындағы ауыл әкімдерімен кездесу өткізді.

Тегтер: Алматы облысыМарат Сұлтанғазиев

Соңғы жаңалықтар

Стандарты служебной этики государственных служащих

Николай Иващенко
20.03.2026

Добраться на аэротакси из Алатау до Алматы можно будет за 10 минут – Бозумбаев

Николай Иващенко
20.03.2026

Алатау — город будущего: ряд мировых компаний планируют запустить свои проекты в новом городе

Николай Иващенко
20.03.2026

ИИ-лекции и открытые встречи прошли по всей стране в рамках Digital Nauryz

Николай Иващенко
20.03.2026

Молодежный форум прошел в Талгарском районе

Николай Иващенко
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz