Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Сұхбат

Алматы облысы мен Қырғызстан арасында тауар айналымы 15%-ға өсті

Бұл туралы Қазақстан-Қырғызстан Үкіметаралық отырысында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев айтты.

25.09.2023
Сұхбат

Таразда Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің Басшысы Ақылбек Жапаровтың қатысуымен қазақ-қырғыз Үкіметаралық кеңесінің 11-ші отырысы өтті.

Шағын және кеңейтілген құрамда өткен келіссөздер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің сөзінше, биыл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда облыс пен Қырғыз Республикасы арасындағы тауар айналымы 14,7%-ға ұлғайды.

«Жалпы облыстың тауар айналымы 2,2 млрд. АҚШ доллары болғанда, Қырғызстанның үлесіне 3,7% немесе 79,4 млн. АҚШ доллары тиесілі. Сонымен қатар біздің сауда-экономикалық қатынастарымызды одан әрі кеңейту үшін барлық мүмкіндіктер бар екенін ерекше атап өткім келеді», — деді өңір басшысы.

Алматы облысында индустриямен қатар, Агроөнеркәсіп кешенін де белсенді дамытып, Алматы қаласының азық-түлік белдеуі құрылып жатыр. Осыған байланысты Марат Сұлтанғазиев Қырғызстанмен ынтымақтастықты кеңейту өзекті екенін айтты.

Сонымен қатар облыс әкімі Ұлы Жібек жолында «Қырғызстан-Қазақстан» бірыңғай туристік хабын құруды ұсынды. Ол Ыстықкөл мен Алматы тау кластерінің санаторийлері мен курорттарында демалу үшін шетелдік және ішкі туристерді қабылдайтын бірыңғай тәсілдерін қамтуы мүмкін.

«Біздің қырғыз бизнес-серіктестеріміз Қонаев қаласында немесе 4 индустриялық аймақтың бірінде бірлескен тігін фабрикасын құруға белсенді қатыса алады. Мәселен, «G4 City» және Қонаев қаласының жаңа әкімшілік-мәдени орталығының құрылысы үшін жұмыс киімдерін шығаруға болады», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Жиында Қазақстан мен Қырғызстан Үкіметтерінің басшылары екі елдің мүдделерін ескере отырып, өзара құрмет пен тату көршілікке негізделген су саласындағы тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.

Келіссөз қорытындысында тараптар ынтымақтастықтың барлық өзара тиімді бағыттары бойынша белсенді іс-қимылды қолдауға дайын екендерін растады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Смертельная драка произошла в колонии Атырау

Николай Иващенко
24.03.2026

Самолет Air Canada столкнулся с пожарной машиной на взлетно-посадочной полосе нью-йоркского аэропорта Ла-Гуардия

Николай Иващенко
24.03.2026

Более 3500 человек отметили Наурыз в «Городе кочевников»

Николай Иващенко
24.03.2026

В Алматинской области 1500 человек приняли участие в акции «Мөлдір бұлақ»

Николай Иващенко
24.03.2026

Регионы за чистые водные ресурсы -экоакция в Алматинской области

Николай Иващенко
23.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz