Кенжебеков Төлеген Жолмырзаұлы 1986 жылы туған, білімі жоғары, 2008 жылы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «қазақ тілі мен әдебиеті», 2012 жылы Құқық және экономика академиясын «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
2014 жылы Жетісу мемлекеттік университетінде «мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.
Еңбек жолын Жетісу мемлекеттік университетінің жастар жөніндегі маманы болып бастаған.
Алматы облысының ішкі саясат, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент бөлімінің консультанты, Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы, 2022 жылдың мамыр айынан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінде басқарма басшысы лауазымында қызмет еткен.