Аманжол Кеңесбайұлы 1977 жылы туған, білімі жоғары.
1998 жылы ҚР Ішкі істер министрлігінің Алматы жоғары мектебін «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2011 жылы М. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1994 жылы Алматы қаласының Алмалы аудандық Ішкі істер басқармасында бастаған. Әр жылдары Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығының маманы, ҚР Әділет департаментінің маманы, жетекші маманы, Астана қаласы Есіл ауданының халыққа қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары, директоры, Астана қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының директоры, Алматы облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы директорының орынбасары, директоры, Алматы қаласының Әділет департаменті бас маманы, басшысының орынбасары, басшысы лауазымдарын атқарған.
2021 жылдың ақпан айынан Алматы облысы Әділет департаментінің басшысы лауазымында.