АЭС құрылысы қазір екінің бірінің аузында талқыланып жүрген мәселе. Сұрақ көп, жауап аз. Сондықтан Alataunews.kz ақпарат агенттігінің тілшісі Республикалық ядролық физика институтының ғылыми жетекші маманы Данияр Жансейтовпен сұхбаттасып көрді.
Қазір көптің көкейінде жүрген атом электр стансасын салу үшін неліктен Балқаш өңірі таңдалды?
Егер референдум оң нәтижесін беріп жатса, АЭС-ті Балқаш ауданы Үлкен ауылында салу жоспарланып отыр. Үлкен ауылының таңдалу себептерінің бірі ол Балқаш көлінің жағасында орналасқандықтан емес. Ең үлкен себебі, Қазақстанда қазір электр стансаларының 70 пайызы солтүстік өңірлерде орналасқан. Ал тұтынудың 80 пайызы оңтүстік өңірлерде. Бізде солтүстік және оңтүстік аймақ үлкен электр торабымен байланысқан. Ол 50КВт 3 үлкен сым торабымен жалғасқан. Ол сым торабы Үлкен ауылының қасынан өтеді. Ал егер біз электр энергиясының 80 пайызын пайдаланатын оңтүстік өңірі бола тұра, атом электр стансасын солтүстік немесе батыс өңірлерде салатын болсақ, арақашықтық үлкейген сайын электр сымдарында электр қуатын жоғалту коэффициенті болады. Сол себепті бізге тұтынатын өңірдің қасынан Электр стансасын салу тиімді
Атом электр стансасы Үлкен ауылына несімен тиімді?
Оның тек Үлкен ауылына ғана емес, бүкіл Қазақстанға тиімділігін қарау керекпіз. Мысалы, АЭС салынатын болса, ол біздің елімізге жаңа жоғары технологиялық өндіріс келеді. Мысалы, қазір Түркияда «Аққұю» атом электр стансасы салынып жатыр. 2017 жылы ол жақта құрылыс енді басталған кезде, бұл ауылда халық саны 800 ғана болған. Ал қазір Аққұюда 35.000 адам тұрады. Ол дегеніміз үлкен мультипликативті эффект алып келеді. Энергетика министрлігінің жоспары бойынша Үлкен ауылында халық саны 10-15.000-ға дейін өспек. Одан бөлек, АЭС тек әлеуметтік қана емес экологиялық жағынан да тиімді.
Халықаралық практикада бір атом электр стансасының құрылысы 10-12 жыл уақыт алады. Ол кезде 10.000-ға дейін тұрақты жұмыс орны пайда болады. Ал оның тең жартысы, яғни 50% жұмысшы жергілікті тұрғындардан алынады. Ал АЭС қолданысқа берілгеннен кейін 2000 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Біздің үкіметтің талабы бойынша ол жақта тек қазақстандықтар жұмыс істеу керек.
Елімізде осы салада білікті мамандар жеткілікті ме?
Кадр мәселесіне келсек, Қазақстанда АЭС болмаса да, бізде атом өнеркәсібінде жұмыс істеп жүрген жоғары білікті мамандар бар. Қазіргі уақытта, Қазақстанның атом өнеркәсібінде 19.000-ға жуық қазақстандық жұмыс істейді. Әрине оның үлкен үлесі «Қазақатом» компаниясына тиесілі. Онда 15.000-ға жуық маман бар. Сонымен қатар, қазір Қазақстанда 3 ядролық реактор жұмыс істеп тұр. Оның бірі стационарлы су сулы реактор ол Алматыда, қалған екеуі Абай облысы Курчатов қаласында жұмыс істеп жатыр. Осы үш реакторда 400-ден астам маман қызмет етіп жүр. Олар күнде атом реакторы не екенін, қалай қосылатынын, ондағы отынмен күнделікті жұмыс істеп жүрген мамандар. Одан бөлек, Жоғары оқу орындарында да ядролық физика мамандығы бойынша студентер, магистрлер және докторлар білім алып жүр. Мысалы, Қазақ Ұлттық университетінің студенттері біздің ядролық физика институтына келіп тәжірибеден өтеді. Сондықтан бізде маман тапшы емес. Одан бөлек, бізде тағы да мамандарды дайындауға 10 жылға жуық уақыт бар.
Атом энергиясы шынымен де ең қауіпсіз энергия көзі ме?
Иә, әрине Атом электр статансасы басқа қолжетімді бүкіл энергия стансаларымен салыстырғанда ең қауіпсіз. Қазіргі уақытта әлемде 415 реактор жұмыс істеп тұр, 200-ден астам АЭС бар. Оның 250-і Қазақстанға ұсынылып отырған су сулы реакторлар. Бұлар әлемде қауіпсіздігі дәлелденген реакторлар. Олардың ең басты айырмашылығы басқа реакторлармен салыстырғанда қауіпсіздік деңгейі жоғары. Әлемде осы 250 реактордың бірде бірі стандарттан ауытқымаған. Одан бөлек, егер еске Фукусимо мен Чернобыльдағы атом электр стансаларында болған аварияларды алсақ, біріншіден ол жердегі реакторлардың құрылымы бөлек, ол басқа типті ректорлар. Қазақстан ондай ректорларды қарастырып жатқан жоқ. Тағы да айтсар болсақ, бізге ұсынылып отырған су сулы ректорлардың бюджетінің 40 пайызы оның қауіпсіздік жүйелеріне жұмсалады. Активті аймақтарда апат болу ықтималдығы 10 млн жылда бір оқиға. Ол дегеніміз өте аз ықтималдылық. Сондықтан АЭС барлық тұрғыдан алсақ та ең қауіпсіз және ең таза деп айта аламыз.
Атом энергиясы мен көмірден алынатын энергияны салыстырып беріңізші.
Мысалы, 1Гигаватт қуат беретін атом электр стансасына шамамен 40-50 кг уран кетеді. Дәл сондай қуат беретін жылу электр стансасын алсақ, кем дегенде 2-3 вагон көмір жағылуы керек. Екеуін салыстырсақ беретін энергиясы бір, бірақ қолданылатын шикізат көлемі жер мен көктей. Ал көмірді жаққаннан ауаға тарайтын ауыр металдардың зияны бір бөлек. Ол жағынан атом энергиясы әлдеқайда қауіпсіз.
Жалғасы бар…