Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Сұхбат

Әр интернационалист-ардагердің мәселесі жүйелі түрде шешіледі – Алматы облысының әкімі

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласында облыстық интернационалист-ардагерлер ұйымдарының басшыларын қабылдады. Кездесу барысында бірқатар мәселелер талқыланды. Сондай-ақ өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар жәйі сөз болды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметінен.

18.11.2022
Сұхбат

Ардагерлердің айтуынша, бүгінде Алматы облысында 1014 ауған соғысының ардагері тұрады. Көпшілігі денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыз, дегенмен олар жастарды патриоттық тәрбиелеуге бағытталған іс-шараларға үнемі қатысады. Облыс әкімімен кездесу барысында бірқатар тұрмыстық жағдайға қатысты мәселелер қозғалды. Әр өңірдің өкілдерін тыңдап, Марат Сұлтанғазиев интернационалист-ардагерлердің бірыңғай базасын құруды және оның негізінде әрбір ардагердің проблемаларын шешу бойынша жол картасын әзірлеуді тапсырды.

«Бүгінгі таңда облыста атқарылуға тиіс жұмыс көп және жұмыс күшіне деген қажеттілік жылдан жылға артып келеді. Жазда құрылысшылар мен қолөнершілер тапшылығы байқалды. Еңбекақы қазіргі нарыққа сай төленеді. Бірақ, әрине біз әр адамның денсаулық жағдайын да ескереміз. Кеше ғана Талғар ауданындағы мектепте киім қабылдаушының жоқтығынан өрескел оқиға болды. Денсаулығына байланысты кез келген жерде жұмыс істей алмайтын ардагерлер үшін мектеп және басқа да әлеуметтік орындар қолайлы болады деп ойлаймын», — деді өңір басшысы.

Ардагерлер облыс әкімінің бұл пікірін бірауыздан қолдады. Сонымен қатар, бұл ардагерлер ұйымдарының көптеген мүшелерін жұмысқа орналастыру бойынша өзекті мәселені шешеді. Бұдан бөлек, облыс әкімі жауынгер-интернационалистердің нақты қажеттіліктерін ескере отырып, облыс бюджетінен қаржыландырылатын сауықтыру мекемелеріне жыл сайынғы жолдамалар беруді қайта қарауды тапсырды. Сондай-ақ, облыс әкімі әлеуметтік бағдарламалар желісі бойынша ардагерлерге бизнес пен қосалқы шаруашылық құру арқылы өзін-өзі қамтамасыз етуге көмектесуді тапсырды.

«Біздің міндетіміз – әр адамның тұрақты табыс табуына қолдау жасау», — деп сөзін қорытындылады аймақ басшысы.

Өз кезегінде, «Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектер одағы» ҚБ төрағасы Әділхан Хамзанов облыс басшылығына проблемаларды шешуге қолдау білдіргені үшін алғыс айтты. Жол картасын іске асыру ардагерлерге тұрмыстық мәселелерге алаңдамай, өңірдің қоғамдық өміріне және жастарды патриоттық тәрбиелеуге қатысуға мүмкіндік беретіні сөзсіз.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Алматы облысының әкімдігі (@almobl_akimat)

Тегтер: ҚонаевМарат Сұлтанғазиев

Соңғы жаңалықтар

Стандарты служебной этики государственных служащих

Николай Иващенко
20.03.2026

Добраться на аэротакси из Алатау до Алматы можно будет за 10 минут – Бозумбаев

Николай Иващенко
20.03.2026

Алатау — город будущего: ряд мировых компаний планируют запустить свои проекты в новом городе

Николай Иващенко
20.03.2026

ИИ-лекции и открытые встречи прошли по всей стране в рамках Digital Nauryz

Николай Иващенко
20.03.2026

Молодежный форум прошел в Талгарском районе

Николай Иващенко
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz