Елдің басым бөлігіндегі сайлау учаскелері енді дауыстарды санау үшін жәшіктерді аша бастайды.
Бүгін Алматы облысының екі ауданында да дауыс беру өтіп, Балқаш және Жамбыл аудандарының тұрғындары әкімдерін сайлады.
Алайда Қазақстанның батысында дауыс беру әлі жалғасуда, сайлау учаскесінің жабылуына бір сағаттан аз уақыт қалды. Кейінірек олар дауыстарды санауды бастайды.
Түн ортасына таман Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы әкім сайлауының алдын ала қорытындысын жариялайды. Орталық сайлау комиссиясы нақты мәліметтерді жақын күндері береді.
Айта кетейік, Алматы облысында сайлау әдеттегідей өтті. Дауыс беру өткен барлық сайлау учаскелерінде байқаушылар болды, олар ешқандай өрескел бұзушылықтарды анықтаған жоқ. Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті, ал дәрігерлер сайлаушылардың денсаулығын қадағалап отырды.