Депутаттыққа кандидаттар сайлауалды науқанын жүзеге асыру бойынша бағдарлама мен алдағы жоспарын тағы бір пысықтап алды. Жұмыстарының аралық қорытындысын шығарып, алдағы аптаға міндеттерін айқындады. Жалпы саяси ұйымның үгіт-насихат парақшаларын таратып, плакаттарын ілуге мыңнан аса волонтер жұмылдырылған. Еліміздің барлық аймағындағы штабтар жұмысын тоқтатқан жоқ. Бүгінге дейін саяси ұйым мүшелері 500-ден астам іс-шара өткізді.
«Үш апталық жұмыстың қорытындысына келдік. Жоспарлаған 500 іс-шараны өткіздік, қазір енді осы соңғы аптада 300 шара жоспарлап отырмыз. Мыңнан астам волонтеріміз бар. 20 өңірде 20 филиалымыз бар. Үгіт-насихат қағаздары, газеттері барлық өңірге толық жетті. Көбісі таратылды», — деді партия мүшесі Талғат Омаров.