Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы бүгін Екібастұз тұрғындарының көптеп шоғырланатын орындарында үгіт парақшаларын таратып, плакаттар ілді. Олар бүгінге дейін түрлі саладағы еңбек ұжымдарымен, аймақтардағы сайлаушылармен 300-ден астам кездесу ұйымдастырды. Сайлаушыларға сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Штаб басшысының айтуынша, бұл науқанға 100-ге жуық волонтер жұмылдырылған. Мұндай шаралар еліміздің барлық өңірінде жүріп жатыр.
«Облыс бойынша күніне 2-3 мыңға жуық үгіт парақшаларын арнайы тақтайшалар мен көпқабатты үйлердегі хаттама жәшігіне орналастырамыз. Барлығы сайлау заңнамасына сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Сайлауалды бағдарламамыз бен жалпы науқанның маңыздылығын түсіндіреміз», — деді ЖСДП Павлодар облыстық штабының басшысы Ажар Сағындық.