19 наурызда өткен сайлауда Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясына 5,20% немесе 331 058 адам дауыс берді. Осы орайда бұл партияға 4 мандат тиесілі болды.
Партияның саяси кеңесінің шешімі бойынша тізімге мына адамдар енді:
• Нұрлан Әуесбаев;
• Асхат Рахымжанов;
• Ажар Сағандықова;
• Наурыз Сайлаубай.
«ЖСДП-ның партиялық тізімі 19 кандидаттан тұрғанын атап өтеміз. Олардың бәрі кандидаттарға қатысты ҚР заңнамасы талаптарына сай келеді», — делінген партияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.