ҚХП жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік биліктің өкілетті және орындаушы органдарының жұмысына қатысу арқылы әлеуметтік әділдік пен саяси теңдікке жетуге пейілді халық мүддесіне өкіл болу мақсатында еңбекшілердің, жұмыссыздардың, зейнеткерлер және жастардың саяси еркін білдіреді.Қазақстан Халық партиясы әлеуметтік әділетті қоғам құру стратегиясына адалдық танытады.
Халық партиясы қолданыстағы антихалықтық Еңбек кодексіне қарсы. Жаңа Қазақстанға – жалдамалы қызметкерлердің әлеуметтік және еңбек құқығын тиісінше қорғайтын жаңа Еңбек кодексі қажет деп біледі. Әрбір адамның медицинаға, білімге қолы жетіп, құқығы толық қорғалатын әділетті Қазақстанды қалайды. Партия Қазақстанның әрбір азаматы тегін медициналық қызмет алуға құқылы екенін алға тартады және дәрігерлер мен мұғалімдер, қарапайым жұмысшылар лайықты жалақы алуға тиіс деп санайды.
«Қазақстан Халық» партиясы еңбек қатынастарын тұрақтандыруды және еңбек адамының құқығын қорғауды қолдайды», – деді партия төрағасы Ермұхамет Ертісбаев.
Қазақстан Халық партиясының мақсаты – шынайы халық үкіметі, әлеуметтік әділеттік, рухани бостандық пен ғылыми-техникалық ілгерілеу және ғылыми-техникалық қағидаттар негізінде өркендеген экономика қоғамына ұмтылу, демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құруға қол жеткізу. Елдің негізгі заңында оның ең жоғары құндылықтары – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандығы деп белгіленген.
Соның іс-жүзінде жүзеге асуына ықпал ету. Бұл ретте Халық партиясы барлық жастардың тегін кәсіптік және жоғары білім алуын жақтайды. Жеке колледждер, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттеріне ең төменгі жалақы (70 мың теңге) мөлшерінде шәкіртақы тағайындау қажеттігін құптайды.
Мемлекет жастарға молынан инвестиция салса, соғұрлым сауатты, білімді болып, жақсы өмір сүретінін алға тартады.