Қазақ Мемлекеттік сәулет құрылыс академиясының бірінші курс студенті ертеңіме бейжай қарамаймын дейді.
«Мен үшін елімнің ертеңі қалай болатыны бәрібір емес. Біз, жастар, әділетті, демографиялық мемлекетте өмір сүргіміз келеді. Ал ол үшін қарап отырмай, әрекетке көшу керек екенін, өз үлесімізді қосу қажет екенін жақсы түсінеміз. Заң шығарушы билікке баратын депутаттар қатарын қалыптастыру арқылы, оларға халықтың талап-тілегін жеткізу арқылы біз қоғамның дамуына өз үлесімізді қоса аламыз. Сайлауға белсене қатысу арқылы біз халық билігін жүзеге асыратындықтан мен өз даусымды бердім», – дейді Айғаным Әбдіжәміл.