«Әр қазақстандықтың сайлауға қатысуы Отанның адал перзенті екендігін дәлелдеу», — деді Нұрлан Құматаев.
Ел үшін әр азамат даусының аза маңыздылығын ескере отырып, өз таңдауын жасаған шаһар басшысы тұрғындар ыждахаттылығына ризашылық танытты.
«Бүгінгі болып жатқан саяси шара халқымыз үшін өте үлкен маңызға ие. Қазіргі таңда барлық деңгедегі мәслихат және мәжіліс депутаттарын сайлап отырмыз, сондықтан бұл баршамыз үшін айрықша мәнді болуы қажет. Тұрғындар қалауын билікке жеткізетін жандарды таңдаудан қателеспейік», — деді шаһар басшысы.