104 жастағы әже 937-ші нөмірлі сайлау учаскесінің мамандарына үйінде дауыс берді.
«Елімізде бейбітшілік пен ынтымақ болсын» деп тілеген Мұхсина әжеміз теледидар, газеттен көз алмайтын көрінеді. Саяси шарадан толыққанды хабардар, тіпті жүрегіне жақын кандидатты да таңдап қойған. Бүгінгі сайлауда өз даусын беріп, шаңырағына енген ұл-қыздарға ақ батасын арнады.