Тек Алматының өзінде кандидаттар 10 мың адаммен жолығыпты. Кезекті үгіт-насихат мегаполистегі спорт кешенінде ұйымдастырылды. Жиынға хоккей, мұзда мәнерлеп сырғанау спортының жаттықтырушылары мен өзге де қызметкерлер қатысты. Партияның тұғырнамасымен танысқан олар қоғамды толғандырған әлеуметтік мәселелер бойынша сауалдарын жолдады.
Штаб өкілдері сондай-ақ қаладағы сусындар шығаратын кәсіпорын ұжымына барды. Онға жуық өнім түрін шығаратын компанияда 250 адам еңбек етеді. Кездесу барысында партиялықтар сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп кәсіпкерлікті дамыту жайында жоспарларымен бөлісті.
«Бұл — қаладағы ірі кәсіпорынның бірі. Күнтізбелік жоспар аясында базардағы қарапайым сатушылар, денсаулық сақтау, білім саласындағы азаматтармен де кездесулер ұйымдастырылып жатыр. Сонымен қатар әлеуметтік желіде де партияның бағдарламасын кеңінен насихаттаудамыз», — деді «Қазақстан Халық» партиясы ҚБ мүшесі Алуа Кетегенова.