«Сайлау жақсы өтіп жатыр. Бүгін бәріміз үшін өте маңызды күн, біз Парламент мәжілісіне және аудандық мәслихатқа өз өз кандидаттарымызды таңдаймыз. Бұл біздің Өтеген батыр ауылының тыныс-тіршілігіне жауап беретін, ауылда туындайтын барлық мәселелерді, соның ішінде сумен жабдықтау, жол сапасын жақсарту, спорт алаңдарын ашу және тағы басқа маңызды мәселелерді шешетін адам. Болашақ депутат көп нәрсені жүзеге асыруы керек, ол үшін табанды болуы тиіс. Оған ауылдың барлық тұрғыны көмектесуі шарт. Бұл біздің ауылдың көркеюі және жайлы болуы үшін көмек болмақ. Менің ойымша, бүгін біз лайықты адамды таңдаймыз, онымен бірге ауылдың игілігі үшін бірге еңбек етеміз», – деді Өтеген батыр ауылының тұрғыны Мұхтар Назарбаев.