«Мен Қаскелең қаласында 53 жылдан бері тұрамын. Ел алдындағы, қоғам алдындағы борышымызды орындау аға буын өкілдері үшін аса маңызды. Сондықтан жұбайым екеуіміз алғашқылардың қатарында учаскеге келіп, дауысымызды бердік. Бұл сайлау қазақ елі үшін аса маңызды. Себебі бүгін берген даусым балаларым мен немерелерімнің болашағы», – дейді ақсақал.
Еңбек ардагері екі ұл, бір қыздан 15 немере сүйіп отыр.