Күрті ауылдық округі әкімі аппаратының жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысы 27 жастағы Серік Темірғалиұлы ел болашағы жастардың қолында дейді.
«Сайлауға келіп, дауыс беруді әрбір азаматтың міндеті деп санаймын. Сондықтан бүгін келіп, таңдауымызды жасадық. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын», – деді Ақши тұрғыны,
Айта кету керек, бұл сайлау учаскесінде 3900 сайлаушы тіркелген. Округтік сайлау комиссиясының төрағасы Сабыр Бапановтың айтуынша, қазірдің өзінде ауылдың жартысына жуығы келіп дауыс беріп үлгерген.
Халқы тығыз орналасқан Байсерке ауылдық округінде аудандық аурухананың фельдшері, жас отау иесі Ақжол Асхатұлы жұбайымен №372 сайлау учаскесіне келіп таңдау жасады.
«Біздің таңдауымыз болашақтың игілігі үшін. Ауыл аймақтағы ауылдық амбулаториялардың жағдайы жақсаруы, халық денсаулығының түзелуі тікелей ақ халатты абзал жандардың қолында. Ендеше осы ауыл медицинасының алдағы жағдайы жақсарады деген үмітпен келдік. Біздің таңдаған кандидаттарымыз осы бағытта көп жұмыс істесе деген тілегіміз бар», – дейді ауыл тұрғыны.