Республикалық штабтың басшылығы мен саяси құрылым мүшелері еңбек ұжымымен кездесіп, сайлауалды тұғырнаманың басым бағыттарын түсіндірді.
Жүздесу аясында жылу орталығын газдандыру, қоршаған орта, жасыл экономика, жұмысшыларды әлеуметтік қорғауға қатысты ұсыныстар айтылды. Елде жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформа төңірегінде ой бөлісіп, пікір алмасты. Шаһарды жылумен қамтып отырған ең ірі екінші орталықта қазір мыңға жуық адам жұмыс істейді. Жиын барысында партия белсенділері Екібастұз жылу орталығының ұжымымен де онлайн кездесу ұйымдастырды.
«Өздерінің сайлауалды бағдарламасын толық бізге жеткізді. Біз көкейімізде жүрген сұрақтарды қойдық. Сұрақтарға толық жауаптарды алдық. Бүгінгі кездесуіміз еркін және ашық өтті», — деді жылу орталығының басшысы Уәлихан Асқарбеков.