Партиялықтар «Жамбыл-су» коммуналдық кәсіпорнының ұжымымен кезекті кездесу өткізді. Соңғы жылдары аймақ экологиялық проблемаларға бейім: қоршаған ортаның ластануы, судың жетіспеушілігі және тұрмыстық кәсіпорын қалдықтары.
«Жамбыл-су» компаниясында 600-ге жуық адам жұмыс істейді, 90 жерасты ұңғымалары, 19 су қоймалары мен су мұнаралары бар. Байтақшылар ұжымға партияның мақсаттары мен міндеттерін, сайлауалды тұғырнаманың негізгі ережелерін түсіндірді. Жиналғандар экологияның негізгі мәселелері мен адамдардың өмірін жақсарту жолдарын талқылады.
Партиялықтар Таразда және Жамбыл облысының 10 ауданында 40-тан астам кездесу өткізді.