«Байтақ» жасылдар партиясы осындай іс-шаралардың көмегімен қоғам арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, велосипедтерді тұрмыстық және экологиялық көлік құралы ретінде пайдалануды насихаттауға ниетті.
Веломарафоннан кейін «Байтақ» жасылдар партиясының мүшелері спортшылармен әңгімелесіп, партия бағдарламасының негізгі бағыттарын түсіндіріп, экологияға қатысты сұрақтарға жауап берді.
Айта кетейік, Алматы қаласы бойынша Мәжіліс депутаттығына партиялық тізімдер бойынша 3 кандидат тіркелген.