Басқосуға саяси ұйым мүшелері – белгілі заңгерлер, дипломаттар мен саясаттанушылар қатысты. Жүздесу аясында партия бағдарламасының негізгі бағыттары түсіндіріліп, алдағы науқанның маңыздылығы айтылды.
Алдыңғы толқын ағалар қоғамда экологиялық мәдениет қалыптастыру төңірегінде әңгіме өрбітіп, жастардың ой-пікірлерін тыңдады. Шаһарда үгіт-насихат жұмыстары кестеге сай жүргізіліп жатыр. Партия белсенділері алдағы күндері де сайлаушылармен және еңбек ұжымдарымен бірқатар кездесу ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Айта кетейік, Алматы қаласы бойынша Мәжіліс депутаттығына партиялық тізім бойынша 3 кандидат тіркелген. Мәслихат сайлауында 13 үміткер бақ сынайды.
«Еркін диалог форматында өткен кездесу нәтижелі болды. Жастар тарапынан көптеген сұрақтар қойылды. Олар тиісті жауаптарын алды. Аға буын мен бүгінгі жастар арасындағы қарым-қатынас осылай жалғаса беруі тиіс деп есептейміз», — деді «Байтақ» жасылдар партиясының саяси кеңесінің мүшесі Айұр Сәбит.