Басқосуда саяси құрылым өкілдері қызметкерлерге саладағы адал еңбек пен ерік-жігерлері үшін алғыс білдірді.
«Байтақтықтар» кездесу барысында партия тұғырнамасының негізгі бағыттарымен таныстырды. Алдағы науқанның маңыздылығын түсіндіріп, дәрігерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Қоршаған орта мен денсаулық сабақтастығы төңірегінде ой-пікірлерімен бөлісті. Ұлытау өңірлік штабы қазір кестеге сай жұмыс істеуде.
Партия өкілдері алдағы күндері Қаражал қаласы мен Жаңаарқа ауданы тұрғындарымен кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Ұлытау облысынан Мәжіліс депутаттығына можаритарлық жүйе бойынша 1 кандидат тіркелген. Мәслихат сайлауында 3 үміткер бақ сынайды.
«Жалпы байқағанымыз – халықтың ынтасы үлкен. Сайлауға белсенді қатысуға дайын. Әрине, бұл тұрғыда біз партияның бағдарламасын түсіндірдік, жеткіздік. Оның ішінде ең бірінші кезекте қалаға қатысты экология мәселелер», — деді «Байтақ» жасылдар партиясы облыстық штабының жетекшісі Марғұлан Ермағанбетұлы.