Жүздесу барысында үгіт-насихат науқанының барысы мен республкалық және өңірлік штабтардың жұмысы туралы айтылды.
Байтақтықтар партия бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, экологиялық мәселелерді талқылады. Тараптар алдағы науқанның маңыздылығы туралы ой-пікір алмасып, елде жүргізіліп жатқан саяси реформа төңірегінде әңгіме өрбітті. Бүгінге дейін атқарылған іс-шаралар пысықталды. Айта кетейік, «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы биыл қаңтарда құрылған. Қазір бірлестіктің құрамында 162 үкіметтік емес ұйым мен 18 мыңнан астам байқаушы бар. Олардың барлығы арнайы оқыту курстарынан өткен.