«Ауыл» партиясы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын Қостанай облысында жалғастырды. Кандидаттар жергілікті жылқы зауытының жұмысшыларымен кездесті. Мұнда «Қостанай» тұқымының тұлпарлары өсіріледі. Сайлаушылармен өткен жиында ұрпақтар сабақтастығын бұзбай, ата кәсіпті жалғастырып келе жатқан шаруаларға құрмет көрсетілді. Кездесу аясында саяси науқанның өзектілігі айтылды.