«Ауыл» партиясының мүшелері Қарағанды облысындағы ұн тарту кешеніне барып, қордаланған мәселелерді шешу және саланы дамыту жолдарын талқылады. Мұнан соң, облыс орталығында сайлаушыларымен жүздесіп, бірқатар жиналыс өткізді. Саяси ұйымның тұғырнамасын түсіндіріп, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Делегация мүшелері ертең Ұлытау облысына баруды көздейді. Осы аптада тағы Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарына бағыт алу жоспарда бар.