Аталған фестивальде кандидаттар іс-шараны тамашалауға келген көрермендерге үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, алдағы уақытта атқарылатын ауқымды істердің жоспарларын бөлісті. Ал спорт шеберлері биікке өрмелеп, ептіліктерін паш етті. Сондай-ақ, осы спорт түрінің қыр-сырын бәріне айтып берді. Спорттық құзға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына ең жас кандидат Дәурен Рақымбеков те шығып, өзінің күш-жігерін көрсетті.
«Бұл спорт түріне алғаш рет қатысып отырсам да, биіктікке өрмелеу мүлде қорқынышты болмады. Себебі шыңдарды бағындырып үйреніп қалғанбыз. Алда талай асу күтіп тұр, бірақ үлкен еңбек пен халық қолдауының арқасында барлық белестен өтетінімізге сенімдімін. «Ауыл» төрге шықсын!», – деді Дәурен Рақымбеков.