Кандидаттардың шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен және ауылдық мәдениет үйлерінің қызметкерлерімен кездесуі «Ұлытау ұлт ұйытқысы» тақырыбында өтті. Кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, қатысушылармен ауылдағы мәдениет саласына қажет қолдау туралы сөз қозғады.
«Біздің сайлауалды бағдарламамызда ауылдық аумақтарды жақсартуға қажет барлық аспекті ескерілген. Қазіргі танда ауыл мен қала арасында бірден көзге түсетін әлеуметтік теңсіздік бар. Ол экономиканың нақты секторына және ауылдың демографиялық әлеуетіне зиян келтіретін қайтымсыз урбанизация үдерісін бастады. Ауыл тұрғыны, әсіресе әйелдер мен жастар үшін қалаға бару «барса келмеске» айналды. Сондықтан, «Ауыл» партиясы ауыл мен қала арасындағы қызмет сапасының айырмашылығын айтарлықтай қысқартуды көздейді. Қала тұрғынына берілген барлық жағдай мен жайлылық ауыл тұрғынында да болуы тиіс», – деді Досбол Мейірбек кездесуге қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде.