Азат Перуашев бастаған «Ақ жол» демпартиясы республикалық штабының мүшелері Ақтау қаласындағы Алаш арысы Жалау Мыңбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті.
Партия лидері «Ақ жолдың» саяси бағдарламасын таныстырып, атқарған жұмыстар жайлы баяндады.
Одан кейін штаб мүшелері «Қамқор-Машзавод» кәсіпорнының жұмысымен танысып, еңбек ұжымымен кездесті.
Зауыт жұмысшылары шетелге шығарылған қаржыны елге қайтару, несие пайыздарының жоғарылығы, қолжетімді баспана секілді көптеген мәселелер бойынша көкейдегі сауалдарын қойды.
Азат Перуашев жұмысшылардың сұрақтарына жан-жақты жауап беріп, партияның аталған бағыттарда атқарған қыруар жұмыстарынан нақты мысалдар келтірді.
Республикалық штаб мүшелері жиналғандарды наурыздың 19 күні сайлау учаскелеріне келіп, «Ақ жол» кандидаттарын қолдауға шақырды.