Онда Парламент Мәжілісінің сегізінші шақырылымындағы депутаттарды сайлау қорытындылары талқыланып, депутаттық мандаттар бөлінді, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.
Пленумның бірауыздан шешім шығаруымен Мәжілістің депутаттық мандаттары келесі кандидаттарға сеніп тапсырылды:
- Барлыбаев Ерлан Хайланұлы — экономист, Парламент Мәжілісінің VII шақырылым депутаты;
- Бейсенбаев Ержан Алмабекұлы – жас бизнесмен, «BIGLIFE» ЖШС тәуелсіз директоры, Жетісу облысы;
- Еспаева Дания Мәдиқызы — қаржыгер, Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты;
- Иса Қазыбек Жарылқасынұлы – ақын, партия төрағасының орынбасары, Парламент Мәжілісінің VII шақырылым депутаты;
- Перуашев Азат Тұрлыбекұлы – партия төрағасы;
- Садықов Асқар Аманбайұлы – бизнесмен, партияның облыстық филиал төрағасы, Ақтөбе облысы.
Еске сала кетейік, 27 наурызда Орталық сайлау комиссиясы мәслихаттар мен Парламент Мәжілісінің кезекті сайлауының қорытындысын шығарды. Сайлау қорытындысы бойынша «Ақ жол» Мәжілісте 6 депутаттық мандат алды.