Ақжолдықтар Қызылордадағы сапарын Баймұрат батыр атындағы ауылдан бастады. Халықпен кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін, мазалап жүрген сұрақтарын тыңдады. Мұндағы жұртшылықтың көбі жеке шаруашылықпен айналысады.
Содан соң, партия өкілдері Қызылорда қалалық ауруханасына барып, медицина қызметкерлерінің ұсыныстарын тыңдады. Мамандардың сұрақтарына жауап беріп, саяси науқанның маңызын түсіндірді. Кездесу ашық диалог форматында өтті.
«Мінекей бүгін Республикалық штабтан ҚР Парламенті мәжілісіне үміткерлер осы аймаққа келіп, партияның бағдарламасы негізінде құрылған нақты тезистерді түсіндіріп, халықпен кездесті. Сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілермен оның ұжымдарымен, қызметкерлермен кездесіп сауалдарын тыңдап, сайлауға белсене қатысу туралы түсіндіріп жатыр», — деді «Ақ жол» сайлауалды штаб мүшесі Нұрлыбек Амангелді.