Ақжолдықтар сапар барысында Абай облысының бірқатар жергілікті кәсіпорындарын аралап, кәсіпкерлермен кездесті. Олардың ұсыныс-тілектерін тыңдап, сұрақтарына тұщымды жауап берді. Сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Ең алдымен, тұқым өңдеу зауытында еңбек ұжымымен кездесу өтті. Зауытқа қатысты мәселелер кеңінен талқыланды. Сапар соңында партия өкілдері автобустар мен фургондар жиналатын автоқұрастыру зауытына барды. Онда 500-ге жуық адам жұмыс істейді. Оларға саяси бағдарламаны таныстырып, сайлау науқанының маңызы түсіндірілді.