Партияның аграрлық саланы дамыту жөніндегі жоспарлары туралы айтып берді.
2027 жылдың соңына дейін агроөнеркәсіпте кемінде 500 млрд теңге сомаға 100-ден астам инвестициялық жоба пайда болады. Бұл жеке инвесторлардың қаражаты мен технологиялары, ал мемлекет оларға қажетті жағдайлар мен субсидиялар жасау арқылы қолдау көрсетеді. Ауыл тұрғындары үшін жем-шөптің қолжетімділігі, жеңілдікті жанар-жағармай бөлудің ашық болуы қамтамасыз етіледі.
Партия мүшелерімен әңгіме барысында аграршылар штаб мүшелеріне саладағы өзекті мәселелер туралы айтып берді. Бұл субсидия төлеудегі қиындықтар, білікті кадрлардың жетіспеушілігі, жеңілдетілген ЖЖМ тапшылығы, инженерлік-коммуналдық желілердің тозуының жоғары деңгейі және жолдардың қанағаттанарлықсыз жағдайы.
Сонымен қатар кәсіпкерлер өңірдің сүт-тауар фермаларын салу тәжірибесін кеңейтуді ұсынды. Мәселен, еліміздегі сүттің 10%-ы дәл Солтүстік Қазақстан облысында өндіріледі.
Үгіт басталғаннан бері 11 күн ішінде партиялықтар 1143000-нан астам қазақстандықтардың қатысуымен 11 160-тан астам іс-шара өткізді. Қоғамдық қабылдауларға сайлаушылардың 8 900-ден астам ұсыныстары мен жазалары түсті