Штаб мүшелері алдымен өңірдегі Мақат ауданының Доссор кентінде мұнайшылармен және сала ардагерлерімен кездесті. Олардың айтуынша, көптеген кәсіпорында, әсіресе өзге елдің капитал үлесі бар компанияларда шетелдік және қазақстандық қызметкерлердің жалақысын есептеу кезінде әрдайым теңдік сақтала бермейді.
Сонымен қатар мұнай сервисі саласының кәсіпкерлерімен кездесу өтті. Онда маман даярлау, қазақстандық тасымалдаушыларды қаржылай қолдау, сатып алу және басқа да мәселелер талқыланды.
«Алдымызда бізді не күтіп тұр, елдің болашағы не болады, өңірдің болашағы не болады. Осы жердегі сіздердің тұрғындардың осы өңірдегі болашағы қандай? Сол туралы әңгімелесейік деп келдік сіздерге», — деді «AMANAT» партиясы Республикалық сайлауалды штабының басшысы Ерлан Қошанов.