Аймақтағы педагогтармен өткен кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасының басымдықтары талқыланды. Білім беру саласындағы мәселелер айтылды.
«Мемлекетте заң мен тәртіп үстемдік құру қажет. Ол үшін сол нәрсеге біздің қоғамымыз дайын болу керек. Ал қоғам мен болашақ ұрпақты дайындайтын әрине ұстаздар. Сондықтан сіздердің бұл жердегі еңбектеріңізбен қатар жауапкершіліктеріңіз өте зор», — деді «AMANAT» партиясы Республикалық сайлауалды штабының басшысы Ерлан Қошанов.
Кездесуге қатысушылар кітапханашылардың, зертханашылардың және басқа да техникалық қызметкерлердің жалақысын көтеру мәселесін қозғады.
Бұдан соң партиялықтар «Жан-Арай» көпбейінді агроиндустриялық кешен алаңында Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ ұжымымен және күріш өсірушілерімен кездесті.