Облыстық «AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасында сала аясындағы проблемалардың шешілу жолдарын қарастырды. Ол мәслихат депутаттығына үміткер Әсел Төлепбергенованың Талғар ауданына қарасты Қызылқайрат ауылындағы №19 орта мектебінде өткен кездесуде айтылды.
Ұстаздармен кездесуде Әсел Болатқызы сайлауалды бағдарламадағы білім саласын дамытуға қатысты шараларды жіті түсіндірді.
«Біздің шаралар оқушылардың тапшылығын толығымен жоюға, үш ауысымды мектептердің санын 7-ге дейін азайтуға мүмкіндік береді. Бейімделген білім ошақтары көрсеткішін де төмендетеміз. Балаларды балабақшамен қамтуды 100 пайызға жеткізбекпіз. Сонымен қатар, студенттік жатақханалардағы орын жетіспеушілігін жоямыз. Жастарды сұранысқа ие мамандықтар бойынша колледждерде тегін оқытумен қамтамасыз етуді де көздеп отырмыз», — деді жиында сөз алған Әсел Төлепбергенова.
Мұнымен қоса, жыл сайын заманауи стандарттарға сай мектептердің жаңартылып отыратынын атап өтті. Бір жылда кемінде 90 физика, химия, биология, STEM кабинеттері жабдықталмақ.
Кездесу барысында сайлауалды бағдарламаның 4 бағыты кеңінен тарқатылды. Үміткер халықтың өмір сүру сапасын арттыру, әл-ауқатын жақсартып, ел экономикасын дамыту үшін қызмет ететінін тілге тиек етті.
Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.