Байқаушылар миссиясы әділ және ашық сайлау өткізуге кедергі келтіретін кез келген құқық бұзушылықтарды бақылау, түзету және алдын алу болып табылады.
«Сайлау тек кандидаттарға, дауыс берушілерге ғана емес, тәуелсіз байқаушыларға да жауапкершілік жүктейді. Мен және әріптестерім тәуелсіз байқаушыларды таңдап, оқыттық. Тәуелсіз байқаушылардың құрамына әртүрлі адамдар кірді. Олар — жастар, жас санатындағы адамдар және әртүрлі әлеуметтік топтар», — деді спикер.
Оның айтуынша, Алматыда сайлауды бақылау бойынша 8 қоғамдық ұйым аккредитациядан өтті.
«Байқаушылардың бәрі бірдей сайлау процесін сауатты және білікті түрде бақылай алмайды. Міне сол себепті, Алматыда «Дауыс» қоғамдық бақылаушылар коалициясының бастамасымен байқаушылар мектебі құрылды – бұл республикалық қоғамдық бірлестік», — деді спикер.
Сондай-ақ, байқаушыларды дайындау барысында ақпараттық жұмыс пен әлеуметтік желідегі жұмысқа көңіл бөлінді, деп атап өтті Байқаушылар мектебінің тренері Сәуле Алпысова.
«Ақпаратпен жұмыс істеу, атап айтқанда ақпаратты дұрыс жеткізу және әлеуметтік желілерде жұмыс істеу бойынша тренинг өткіздім. Ақпаратпен тек журналистер ғана емес, байқаушылар да жазып, жұмыс істей білуі керек», — деді ол.
Жалпы, Алматыда сайлау барысы штаттық режимде өтіп жатыр. Байқаушылар өкілдерінің айтуынша, учаскелерді айтарлықтай заңбұзушылықтар тіркелген жоқ.