Қытайдан Ресейге жөнелтілген заттардың құжатында мата деп жазылған. Сканерлік тексеру нәтижесінде тауар басқа болып шықты. Кедендік тексеру барысында джинс, шалбар, күртеше, тері тон, белдемше, пижама, әртүрлі әйелдер киімі табылды.
«Бұл заттар ілеспе құжатта мата деп көрсетілген. Ал мата дегеніміз салықтық төлем алымы төмен тауарлардың қатарына жатады. Бұл заттардың жалпы салмағы 137 тонна кедендік құны 1 млрд теңгеден асып кетті», – деді «Алтынкөл жол» кеден бекетінің бас маманы Берік Нұрахметов.
Іс материалдары қылмыстық-процессуалдық шешім қабылдау үшін облыстық экономикалық тергеу департаментіне жіберіледі.