Сот үкімімен «Алакөлжылу» ШЖҚ МКК бұрынғы директоры 100 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Кәсіпорын басшысы қатты көмірді сатып алуға бөлінген қаражатты аффилиирленген
компания арқылы жымқырған.
Арнайы прокурорлар бұл деректі анықтап, тергеп-тексерді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.