Талғар ауданының әкімі Таңат Айдарбеков Ақтас ауылындағы көппәтерлі үй тұрғынының пәтеріне барды. Бұған дейін хабарланғандай, газ жабдығының (газ пешінің) ақауынан көп қабатты үйдің балконында жарылыс болған.
Аудан әкімінің тапсырмасы бойынша зардап шеккен тұрғынға жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін материалдық көмек көрсетіледі, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Жарылыс салдарынан ер адамның қолы екінші дәрежелі күйік алып, ауруханаға түсті.
Сондай-ақ, тұрғын үйде жылыту мәселелерін шешу үшін 2021 жылы блок-модульдік қазандық (БМК) салу бойынша, оның ішінде Ақтас ауылының жеті көппәтерлі тұрғын үйінде 1 қазандық орнату бойынша жобаны әзірлеу басталды.
Талғар ауданының әкімдігі қазіргі уақытта жобалау жұмысына кірісті.