«Ертең, 1-қыркүйек күні мектептің тұсауы кесіледі. Салтанатты шараға Алматы облысы Білім басқармасының басшысы Салтанат Дауыспекқызы қатысады», — дейді бөлім басшысы.
Оның айтуынша, әзірше, бала саны 669. Қазақ сыныбына 378 оқушы, орыс сыныбына 291 оқушы өтініш берген. Балалардың аз болуының себебі оқушыларды тасымалдайтын автобус мәселесі шешімін әлі таппаған.
«Мектеп 1 ауысымда жұмыс істейді. Бірақ, алдағы уақытта бала саны бірден көбейіп кетуі мүмкін. Себебі, «мектепке қабылдау тек 1-қыркүйекке дейін ғана жүргізіледі деген» заң жоқ. Өздеріңіз білетіндей, оқушылар қалаған жеріне, қалаған уақытында оқуға баруға, мектеп ауыстыруға құқылы», — деді Қарлыға Сәдуақасова.
Білім бөлімі басшысының хабарламасына сүйенсек, қазақ сыныбы мен орыс сыныбына шамамен теңдей оқушы өтініш берген. Осыған байланысты мектеп екі тілде білім береді.
«Мектеп төңірегінде түрлі қоғамдық пікір тудырып жатқан ақпараттар әлі де әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Десе де, балалардың онлайн карточкасы жасалып, автобуспен тегін қатынау мәселесі шешілгенде бала саны көбейеді деп болжап отырмыз», — деді Қарлыға Сәдуақасова.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін аталған мектеп жайлы қоғамдық резонанс жайлы жазып, құрылысына байланысты ақпарат берген болатынбыз.