«Жол бойына белгі, бағдаршам қою үшін міндетті түрде біреу өлуі керек па? Биліктегілердің салғырттығы. Оған қоса, қауіпсіздікке жауап беретіндердің жауапсыздығы», — дейді жолды жабуға келген наразы тұрғынның бірі.
Тұрғындардың айтуынша, баланы сұлатып түсірген жерден түрлі видеолар әлеуметтік желілерде тарады.
«Баланың қауіпсіздігіне кім жауап береді? Бүтіндей бір отбасы қара жамылып қалды. Осындай жағдайдың алдын алуға болмас па еді?», — деп ұрандатып жатыр наразы топ.
Алматы облысы Полиция департаментінің ақпаратына сүйенсек, Toyota Camry жеңіл көлігін тізгіндеген 24 жасар жігіт Жетіген-Алматы тас жолымен келе жатып, Жаңалық кентінде 10 жасар баланы қаққан. Қатты соққыдан оқушы тіл тартпай кеткен. Оқиға 19 қыркүйек күні кешкі сағат 18:45 шамасында болды.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабына сәйкес іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Айта кетейік, алдағы уақытта аталған оқиғаға байланысты кеңінен тарқатып жазатын боламыз.
Посмотреть эту публикацию в Instagram