Талдықорған мұғалімдері мен тәрбиешілері жаңа оқу жылында жалақысыз жұмыс істеп жүр.
Қалалық білім басқармасының өкілі Жасұлан Қанағатовтың айтуынша, аталған жағдай өңір екіге бөлінгендіктен бюджетті нақтылау жұмыстары әлі аяқталмаған.
«Бұл жағдай 2022 жылдың бюджетін екі облысқа, яғни Алматы және Жетісу облыстарына бөлуге байланысты қалыптасып отыр. Білім беру қызметкерлерінің еңбекақы төлеу қорында ешқандай мәселе жоқ. Кассалық өткізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аяқталғаннан кейін, барлық қызметкерлердің жалақысы толық аударылатын болады», – дейді ол.
Сондай-ақ, Оқу-ағарту министрлігі аталған жағдайды назарға алғанын жеткізді.
Сонымен қатар Алматы мен Жетісу облыстарының бюджетін бөлу процестері аяқталуға жақын екенін айтты.